Вернуться к Новости и События
Новость

Аудандық кітапханада 5 қыркүйек Ұлт ұстазы, білімнің атасы, есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына мәңгі өшпестей із қалдырған, қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім менің-қасиетті Ардағым» атты әдеби кеш өтті.

Аудандық кітапханада 5 қыркүйек Ұлт ұстазы, білімнің атасы, есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына мәңгі өшпестей із қалдырған, қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім менің-қасиетті Ардағым» атты әдеби кеш өтті. Шараға Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекзада Думанұлы, Қарқаралы қаласының тұрғындары, тіл жанашырлары Цагаева Яха Магамедовна, Девевье Карина Михаиловна және Қарқаралы тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері, Мыңжасар Әдікенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің ұстаздары мен студенттері, Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектеп интернатының кітапханашысы мен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «100 өлең» облыстық байқауының жүлделі 3 орын иегері, 11сынып оқушысы Төлеген Балым, кітапхана жанынан құрылған «Қаламгер» қызығушылық клубының мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Нұржан Ағыбайұлы тіл мерекесінің маңыздылығына тоқталып, құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында «Қаламгер» қызығушылар клубының мүшелері Серік Аяулым, Төлеген Балым, Оспанова Фатима, Мұқатай Аидалар тіл туралы өлеңдер оқыса, Қарқаралы қаласының «Өнер» мектебінің дәстүрлі ән сыныбының ұстазы Үйсінбаев Бақытжан Абайдың әнін шырқады. Тіл жанашырлары Яха апай мен Карина өмір тарихтарынан сыр шертіп, жылы лебіздерін білдірді. Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!


Медиа новости

1 из 3

Другие новости и события по теме

Новость
2 декабря 2025 г.
Біздің студенттеріміз Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Республикалық диктантқа қатысты!

Подробнее
Новость
2 декабря 2025 г.
2 Қыркүйек күні колледжімізде "Білім күні.Бейтбітшілік күні" салтанатты жиын өтті.

Подробнее
Новость
2 декабря 2025 г.
Аудандық кітапханада 5 қыркүйек Ұлт ұстазы, білімнің атасы, есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына мәңгі өшпестей із қалдырған, қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім менің-қасиетті Ардағым» атты әдеби кеш өтті.

Подробнее
Новость
2 декабря 2025 г.
Биылғы жылдың Эко-11-25 және АЖ-11-25 бірінші курс студенттері колледж қабырғасында бірінші топ сағатын өткізіп, "Адал адам.Адал еңбек Адал табыс" тақырыбына пікір таласып, сөз қозғады.

Подробнее

Как нас найти

kark-selhoz@krg-edu.kz
г.Каркаралинск. улица Т.Аубакирова, 133.
https://ksk.mycollege.kz/