Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

Аудандық кітапханада 5 қыркүйек Ұлт ұстазы, білімнің атасы, есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына мәңгі өшпестей із қалдырған, қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім менің-қасиетті Ардағым» атты әдеби кеш өтті.

Аудандық кітапханада 5 қыркүйек Ұлт ұстазы, білімнің атасы, есімі бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихына мәңгі өшпестей із қалдырған, қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында алтын әріппен жазылған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тілім менің-қасиетті Ардағым» атты әдеби кеш өтті. Шараға Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары Ілияш Нұржан Ағыбайұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекзада Думанұлы, Қарқаралы қаласының тұрғындары, тіл жанашырлары Цагаева Яха Магамедовна, Девевье Карина Михаиловна және Қарқаралы тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері, Мыңжасар Әдікенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің ұстаздары мен студенттері, Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектеп интернатының кітапханашысы мен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «100 өлең» облыстық байқауының жүлделі 3 орын иегері, 11сынып оқушысы Төлеген Балым, кітапхана жанынан құрылған «Қаламгер» қызығушылық клубының мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Нұржан Ағыбайұлы тіл мерекесінің маңыздылығына тоқталып, құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында «Қаламгер» қызығушылар клубының мүшелері Серік Аяулым, Төлеген Балым, Оспанова Фатима, Мұқатай Аидалар тіл туралы өлеңдер оқыса, Қарқаралы қаласының «Өнер» мектебінің дәстүрлі ән сыныбының ұстазы Үйсінбаев Бақытжан Абайдың әнін шырқады. Тіл жанашырлары Яха апай мен Карина өмір тарихтарынан сыр шертіп, жылы лебіздерін білдірді. Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!


Медиа жаңалықтар

1 из 3

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2025 ж. 2 желтоқсан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

26.02.2026ж. колледж директоры төрағалығымен жиын өтті.Жиында кадр бөлімінің инспекторы,әрі комплаэнс қызметіне жауапты Н.К.Ибраев "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" тақырыбында дәріс оқып,түсіндірме жұмысын өткізді. Жиынды колледж директоры А.С. Елеусизов қорытындылай келе заң бұзушылыққа жол бермеу жөнінде кеңес берді.

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 2 желтоқсан
"Миға шабуыл-идеалды колледж" аттф психологиялық тренинг

Колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Нургалиева Гаухар Абилмажиновна 13.04.2026 жылы колледж ұжымының педагогтері арасында психологиялық тренинг өткізіп, педагогтердің өзін-өзі тануына, әріптестерді бағалауына, күйзеліс факторын анықтауға және командалық жұмыстың маңыздылығын ашуға үлкен септігін тигізді. 

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 2 желтоқсан
Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжiнде 2025-202б оқу жылын сырттай аяқтайтын III курс Эко-32-23, Эко-33-23 топ студенттерiнен қорытынды емтихан қабылдайтын комиссия құрамын бекiтy туралы

Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжiнде 2025-202б оқу жылын сырттай аяқтайтын III курс Эко-32-23, Эко-33-23 топ студенттерiнен қорытынды емтихан қабылдайтын комиссия құрамын бекiтy туралы

Толығырақ
Жаңалық
2025 ж. 2 желтоқсан
Кәсіптік практиканың жұмыс дәптері

Кәсіптік практиканың жұмыс дәптері

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

kark-selhoz@krg-edu.kz
г.Каркаралинск. улица Т.Аубакирова, 133.
https://ksk.mycollege.kz/