Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінде «7 мамыр - Отан қорғаушылар» күнінің қарсаңында жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында ауған соғысына қатысқан ардагер-түлектермен кездесу болып өтті. Кездесуді колледж директоры С.К. Оспанов құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде ауған соғысының тарихы жайлы баяндап өтті. «Біз студенттерді өз Отандарын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиелеуге тырысамыз. Қазіргі бейбіт заманның өзінде де жер шарының бір бұрышында соғыс өрті лаулап, онда жазықсыз жандардың мерт болып жатқанын, соларды қорғау жолында біреулер асқан ерлік көрсетіп жатқанын студенттер білуге тиіс. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие аясында өткізіліп отырған бүгінгі іс-шараға қатысуға тілек білдірген ардагерлерге мың да бір алғыс айтамын», – деді ол. Содан соң ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің суреттерімен естелік тақтаның ашылу рәсімі өтті.
🔹Іс-шара барысында студенттер ардагерлерге өздері қызықтырған сұрақтар қойып, ауған соғысы жайлы әңгімелерін ұйып тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді. Аталмыш әскери іс-шарада қонақтарға АӘД пәнінің оқытушысы Е. Төлеутайұлының басшылығымен колледждің 1-2 курс студенттері өз өнерлерін көрсетті. Бұл кездесуден әсіресе студенттер ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алды.


Рымбек Назерке Нұржанқызы

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 5 мамыр
Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжiнде 2025-202б оқу жылын сырттай аяқтайтын III курс Эко-32-23, Эко-33-23 топ студенттерiнен қорытынды емтихан қабылдайтын комиссия құрамын бекiтy туралы

Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжiнде 2025-202б оқу жылын сырттай аяқтайтын III курс Эко-32-23, Эко-33-23 топ студенттерiнен қорытынды емтихан қабылдайтын комиссия құрамын бекiтy туралы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 5 мамыр
Кәсіптік практиканың жұмыс дәптері

Кәсіптік практиканың жұмыс дәптері

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 5 мамыр
2025-202б оку жылыныц I жарты жылдыfы бойынша Эко-32-23 мен Эко-33-23 топтарында корытынды аттестаттауды откiзу туралы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 5 мамыр
Қорытынды аттестаттау комиссиясының бұйрығы

2025-2026 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша Эко-32-23 мен Эко-33-23 топтарында қорытынды аттестаттауды емтихан өткізу туралыбұйрық

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

kark-selhoz@krg-edu.kz
г.Каркаралинск. улица Т.Аубакирова, 133.
https://ksk.mycollege.kz/