Шараның басты мақсаты, яғни жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген нысандарына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша белсенді азаматтық ұстанымды, еркіндік, отбасы құндылықтары, жеке кеңістік және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікке» тәрбиелеу. Жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуының барысы туралы мәлімет ету, нақты көмек көрсету болып табылатынына хабардар етті.
Нұртай Алпысбайұлы қоғамды сыбайлас жемқорлықтан «тазартудағы» және ең алдымен сапалы білім алу және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тәрбиелеу туралы айтып берді. Бұл жұмысты жандандыру жастар санының артуына ықпал етуі тиіс екендігін атап өтті.
Колледж студенттері тарапынан қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.